Түркістан облысының құрылғанына жеті жыл толуына орай бүгін облыстық Қоғамдық даму басқармасы, Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Түрленген Түркістан» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Жыр додасына өңірдің әр аудан-қаласынан жиырмаға жуық жас ақын қатысып, өз шығармашылығын көпшілікке танытты.
