21 Апр 2026, Вт

КЕНТАУЛЫҚ ПАРАЖҮЗГІШ МАНСҰРБЕК ЖҰМАБАЙҰЛЫ — ЕЛ МАҚТАНЫ

Кентауқаласының тумасы Мансұрбек Жұмабайұлы — пара жүзуден Азия ойындарының күмісжәне қола жүлдегері. Ол — Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы әріабсолютты жеңімпазы. Көз жанарынан айырылса да, жігерін жасыта алмаған спортшыон төрт жылдан бері суда еркін жүзудің сырын меңгеріп келеді. Ол Азия елдеріндеел намысын абыроймен қорғап, көк туды желбіретті.