Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау және қолдау мәселелеріне арналған брифинг өтті. Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов бөлінген қаржы, қол жеткізілген нәтижелер және қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі жоспарлар туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады.

