Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейде Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында шара өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға ҚР-ның Қылмыстық кодексіндегі зорлық-зомбылық және есірткі заттарын таратуға байланысты негізгі нормалар түсіндірілді.

