21 Апр 2026, Вт

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУДА

Жеке кәсіпкер Данияр Қалымбетов Түркістан облысындағы мектеп асханаларын қайта жаңғыртып, білім ордасының оқушыларына қуаныш сыйлап келеді. Бұған дейін Кентау, Қазығұрт, Түлкібас, Жетісай аудандарындағы мектеп асханаларын 67 млн теңгеге жуық қайтарымсыз инвестициямен заман талабына сай жөндеуден өткізген кәсіпкер Келес, Сарыағаш өңіріндегі мектептерге де оңтайлы жағдай жасады.