Кентау қалалық музейі – бұл шаһардың өткенін бүгінмен жалғап тұрған рухани орда. Мұнда күн сайын түрлі буын өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары келіп, тарихтың тереңіне бойлайды.Бұл музей тек жәдігерлер қоймасы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін, ел тарихын танытатын білім мен руханият орталығы болып отыр.
