Созақ ауданының Шолаққорған ауылында өмірдің сынағына мойымай, өз еңбегімен елге үлгі болып жүрген жандар бар. Солардың бірі – Бақыт Смахова. Ол бастаған тігін тобы бүгінде он екі адамды жұмыспен қамтып, отбасыларына тұрақты табыс әкеліп отыр. Олардың бәрі – ерекше жандар. Күнделікті өмірдегі қиындықтарға қарамастан, өз күшіне сеніп, еңбек арқылы өмірдің мәнін тапқан азаматтар.
