1 Ноя 2025, Сб

КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖҮГІРУДЕН МАРАФОН ӨТТІ

Кентау қаласы Қарнақ ауылында қаланың 70 жылдығы және 25 қазан – Республика күніне орай “Қозғалыс – өмір көзі, спорт – денсаулық кепілі!” ұранымен жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Марафонға 10 жастан 70 жасқа дейінгі қала және ауыл тұрғындары қатысып, 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды.