Түркістан облысында А вирустық гепатитіне қатысты эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы аурулардың ішінде бауырды зақымдайтын гепатит вирустары өзекті мәселе болып отыр. Соның ішінде кең таралғаны – А вирустық гепатиті. Мамандар инфекцияның алдын алу жолдарын түсіндіріп, тұрғындарды жеке гигиена ережелерін сақтауға және вакцина алуға шақырып отыр.
