1 Ноя 2025, Сб

ТҰТАС АУЫЛ ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТТЫ

Құсшы ата ауылында игі бастама басталды. Тұрғындар тұтастай ішімдіктен бас тартып, салауатты өмірге бет бұрды. Соның толығырақ тілшіміз баяндасын. Ауылда бүгінде бірде-бір дүкенде ішімдік сатылмайды. Саудагерлер мен жұрт бұл шешімді бірауыздан қолдаған. Ел ішінде татулық пен тазалықтың лебі сезіледі. Бастаманы ауыл имамдары мен ақсақалдар алға бастады. Олар жастарды тәрбие мен имандылыққа үндеп келеді. Осындай бірліктің арқасында ауыл ажары арта түсті.