1 Ноя 2025, Сб

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҒЫ — ОРТАҚ МІНДЕТ

29 қазан күні Түркістан қаласында облыс прокурорының орынбасары Дәулет.Тлемисовтың төрағалығымен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында жиын өтті. Басқосуда ұстаздар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар балалардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылады. Кездесу мақсаты — жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттырып, ата-аналар мен педагогтардың жауапкершілігін күшейту.