Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат ауылында волейболдан турнир өтті. Спорттық шара Ринат Ильясовты еске алуға арналған. Турнирге елді-мекендегі мемлекеттік мекемелерден алты команда қатысты. Волейболды тамашалап, ауылдағы жаңашылдықтармен танысуға марқұмның жұбайы мен ұлы арнайы Алматыдан келді.
