27 Окт 2025, Пн

ШИЕЛІНІҢ ЖАҢА, САПАЛЫ ЖОЛДАРЫ

Ауданның жолдары жаңарып, кеңейіп келеді. Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстар тұрақты жүргізіліп отыр. Мердігер мекемелер нысандарды сапалы салып, белгіленген уақыттарында тапсыру үстінде. Мұндай өзгерістерге кент, ауыл тұрғындары дән риза.