26 Окт 2025, Вс

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ АШЫҚ КУБОГІ

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылдық округінде ұстаздар қауымы баскетбол алаңында бас қосып, ерекше мерекелік көңіл күйде ашық кубок үшін сынға түсті.Бұл дода — Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы мен Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған маңызды спорттық шара. Жарыстың ашылу салтанатына қала тұрғындары, білім беру саласының өкілдері мен спорт сүйер қауым қатысты.