Түркістан қаласында қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеуге арналған «Асыл сөзді іздесең – Абайды оқы, ерінбе!» атты әдеби байқау өтуде. Әдеби жобаға Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығы жетекшілік етуде. Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында Абай мұрасын кеңінен насихаттау, көркем сөз оқу мәдениетін дамыту және жас ұрпақтың поэзияға, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру