13 Окт 2025, Пн

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАР ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан облысының спортшылары биыл ерекше табысқа қол жеткізді. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жерлестеріміз ел чемпионаттарында – 1060, Азия біріншіліктерінде – 109, ал әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Осыған орай жеңімпаздардың бір тобына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрмет көрсетіп, жаңа автокөліктің кілтін табыстады.