14 Окт 2025, Вт

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КІТАПХАНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларына арналған бұл шара кітапханамен жақынырақ таныстыруға бағытталды. Балаларға кітап пен кітапхана ұғымының маңызы түсіндіріліп, қызығушылықтарын арттыру көзделді. Іс-шара барысында жас оқырмандар қазақ жазушыларының өлеңдерін жатқа айтып, өз қабілеттерін көрсетті.