14 Окт 2025, Вт

ТҮРКІСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүгінде білім ордалары заманауи технологиялармен жабдықталып, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру көзделуде. Арнайы компьютерлік кабинеттер ашылып, сыныптарға интерактивті тақталар орнатылған. Сонымен бірге жасанды интеллект негіздері мен цифрлық бағдарламалар оқыту процесіне енгізілуде.