14 Окт 2025, Вт

ЗАМАНАУИ ЖАҢА МЕКТЕП – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ОРДАСЫНА АЙНАЛДЫ

Түркістан қаласында бой көтерген №35 жалпы білім беретін мектеп – жаңа заман талаптарына сай салынған білім ошағы. Мұнда оқушыларға тек сапалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа оқу кабинеттері, кең спорт залы мен түрлі үйірмелер – жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашып отыр. Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен ыңғайы үшін қажетті жағдайдың барлығы қарастырылған.