Түркістан қаласында халықаралық қазақ-корей «Woosong University Kazakhstan» ІТ университеті ресми түрде ашылды. Жаңа оқу орны – ел жастары үшін заманауи білім алуға және халықаралық тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік. Бұл университет Түркістанды білім мен ғылымның жаңа орталығына айналдыратын маңызды бастама болып отыр.