Түркістан қаласында ашылған 7-11 сынып оқушыларына арналған Көшбасшылар мектебі – заманауи талаптарға сай, ерекше үлгіде салынған білім ордаларының бірі. Бұл мектеп – болашақта ел тізгінін ұстайтын, ойы жүйрік, бәсекеге қабілетті жас көшбасшыларды тәрбиелеуді мақсат етеді.