14 Окт 2025, Вт

АРДАГЕР ЕСІМІ — АРДАҚТЫ ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

Ұлы Отан соғысының ардагері, Ордабасы ауданының құрметті азаматы Әсілбай Айтжановты еске алу шаралары ұйымдастырылды. Шара аясында жасөспірімдер арасында спорттық турнир өтіп, ас берілді. Сондай-ақ, ардагердің аты берілген көше салтанатты түрде ашылды.