Түркістан қаласындағы №34 жалпы білім беретін мектеп – заманауи білім ордаларының жарқын үлгісі. 2025 жылдың қаңтар айында есігін айқара ашқан бұл жаңа мектеп «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Оқу орны 1200 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мұнда 90-ға жуық тәжірибелі педагог еңбек етіп, 1100-ден астам бала сапалы білім мен саналы тәрбие алуда.