17 Сен 2025, Ср

ИНДУСТРИАЛДЫ ПАРКТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жаңа қадам жасалды. Мақтаарал ауданындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында индустриалды парктің іргетасы қаланды. Жобаның жалпы құны 123 миллиард теңге болса, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.