17 Сен 2025, Ср

FARAB КІТАПХАНАСЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІТАПТАР ТАРТУ ЕТІЛДІ

Түркістандағы Farab әмбебап ғылыми кітапханасына АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы ағылшын тіліндегі 72 кітап сыйға тартты. Шараға арнайы келген Бас консул Мишель Еркін ханым құнды әдебиеттерді өз қолымен табыстады. Бұл қадам — екі ел арасындағы мәдени және білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.