3 Сен 2025, Ср

КЕНТАУДА КЕНШІЛЕР КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Кентауда тамыздың соңғы жексенбісінде кеншілердің кәсіби мерекесі аталып өтті. Бұл күн – кен өндіру саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, олардың еңбегіне тағзым етуге арналған ерекше дата. Салтанатты шара қала тұрғындары үшін де тарихи маңызға ие.