23 Авг 2025, Сб

МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУ САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы №34 «Жайлы мектепте» жаңа оқу жылы қарқынды басталды. Бұл білім ошағына биыл алғаш рет 80 бала қадам басып, үш бастауыш сыныпқа бөлінді. Қазіргі уақытта олар үшін арнайы бейімделу сабақтары ұйымдастырылуда.