24 Авг 2025, Вс

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАРҒА ҚАТАҢ БАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысында жыл басынан бері 1147 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның 188-і — мемлекеттік, 959-ы — жеке қаражат есебінен салынып жатыр. Аппарат мәжілісінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров заңсыз құрылыстардың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.