9 Авг 2025, Сб

АБАЙ МҰРАСЫ – РУХАНИ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ

«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты рухани іс-шараға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Сауран және Түркістан қаласының біріктірілген басқармасының жеке құрамы қатысты. Әдеби кештің басты мақсаты – ұлы ақын мұрасын насихаттап, жастарға өнегелі тәрбие беру.