8 Авг 2025, Пт

АГРОАҚПАРАТ – БОЛАШАҚ ЖОСПАРДЫҢ ІРГЕТАСЫ

Қазақстанда он жылда бір рет өткізілетін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл – тек статистикалық рәсім емес, сонымен қатар аграрлық сектордың шынайы ахуалын айқындайтын, мемлекеттік жоспарлауға негіз болатын стратегиялық маңызды науқан. Санау науқаны биыл 1 тамыз бен 20 қазан аралығында ұйымдастырылады.