Қазақ даласының інжу-маржаны – Қаратау қорығына еліміздің саяси басшылық құрамынан мәртебелі меймандар табан тіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова Түркістан өңіріне арнайы сапары аясында Қаратаудың баурайына барып, табиғаттың тылсым сырын бойына жасырған Қаратау қорығымен танысты. Экс-министрмен қоса Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бұл сапарда өңірдің биік рухы мен бай табиғатына терең бойлады.