2025 жылдың 22 шілдесінен бастап Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы аумағында 30 күнге созылатын тақырыптық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл шара Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен қолға алынуда. Тексеру барысында салықтық тәртіпті сақтау, көлеңкелі экономиканың алдын алу және заңсыз кәсіпкерлікпен күрес басты назарға алынбақ.