18 Окт 2025, Сб

ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН ПОШТАШЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында халыққа пошта қызметін сапалы жеткізіп жүрген білікті мамандар аз емес. Солардың бірі — Қазпоштаның тәжірибелі қызметкері Гульбану Исабекова. Ол бұл салада он сегіз жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.