Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жұмыс сапарымен Отырар ауданына барып, өңірде табысты жұмыс істеп жатқан «Lihua Spinning Technology» шетелдік кәсіпорнының қызметімен танысты. Қытайлық инвесторларға тиесілі бұл тоқыма өндірісі – аудандағы ең ауқымды және болашағы зор инвестициялық жобалардың бірі саналады.