Бүгін Түркістан қаласында қоғам үшін аса өзекті мәселе — нашақорлықтың алдын алу және есірткі жарнамасына қарсы күрес мақсатында рейдтік іс-шара өтті. Оған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ерікті жастар мен жергілікті сектор өкілдері жұмылдырылды. Қала аумағындағы есірткіге қатысты жарнамалар мен граффити суреттерін анықтау және жою — негізгі міндеттердің бірі.