23 Авг 2025, Сб

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАҢА УРАН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Созақ ауданында «КАТКО» қазақстандық-француздық біріккен кәсіпорнының жаңа уран өңдеу зауыты – «Оңтүстік Төртқұдық» іске қосылды. Ауқымды инвестициялық жобаның ашылуына өңір әкімі Нұралхан Көшеров, Францияның Қазақстандағы елшісі мен «Қазатомөнеркәсіп», «Orano Mining» компанияларының басшылары қатысты.