23 Авг 2025, Сб

КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

Арыс қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес елді мекендерді көркейту, тұқымбақтарды дамыту, шегірткемен күресу және сасық кеурек өсімдігін қазу жұмыстарына тоқтау салу бағытында семинар-кеңес өтті. Семинар барысында көгалдандыру жұмыстарының қазіргі ахуалы, елді мекендердегі ағаш өсірудің проблемалары сараланды.