30 Апр 2025, Ср 10:44:18 PM

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында жаңа білім ұясы пайдалануға берілді.Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, оқу-ағарту саласының ардагерлері, ауыл қариялары мен тұрғындары, ұстаздар мен ата-аналар, мектеп оқушылары қатысты.