Как эффективно использовать искусственный интеллект на уроках? Как повысить интерес ребёнка к обучению? Ответы на эти и другие вопросы искали лучшие учителя Жамбылской области на форуме «Поиск. Опыт. Результат», где педагоги поделились своими наработками и практическим опытом. Мероприятие организовали совместно партия «Әділет» и Управление образования. Подробнее — в следующем сюжете.
Жамбыл облысында ұлттық өнерді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған «Жібек жолы» ардагерлер ансамблінің салтанатты ашылу кеші өтті. Ардагерлерге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылған мерекелік жиын жайлы толығырақ алдағы сюжетте.
Сөз өнері – ұлт руханиятының алтын арқауы. Әсіресе, сатира жанры арқылы қоғамның өзекті мәселесін әзілмен жеткізетін қаламгерлердің орны бөлек. Осы бағытта Жамбыл аудандық орталық кітапханасында белгілі сатирик ақын, журналист Бақытжан Әлімқұловтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Сырлы сөздің саңлағы» атты аудандық байқау өтті.
Таразда көлік салығын төлеуден жалтарғандарды анықтауға бағытталған рейдтік шаралар жалғасып жатыр. Орталық алаңнан бастау алған кезекті тексеріс барысында салық мамандары, тәртіп сақшылары мен жеке сот орындаушылары бірігіп, қала аумағын аралады. Жүргізушілерге ескерту жасалып, қарыздарын оқиға орнында өтеуге мүмкіндік берілді. Ал салық төлеуден мүлдем жалтарғандардың темір тұлпарлары айыппұл тұрағына жөнелтілуде.
Сабақта жасанды интеллектіні қалай тиімді пайдалану керек? Баланың оқуға деген қызығушылығын арттырудың қандай құпиялары бар? Жамбыл облысында өткен «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» форумында аймақтың ең үздік ұстаздары осы сұрақтарға жауап іздеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Әділет» партиясы мен Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған шара жайлы келесі сюжетте.
Бәйдібек ауданында қоғамдық мәселелерді ашық талқылау, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдау және азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында «Парасат» пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті.
Спорт салауатты өмір салтының негізі ғана емес, жас ұрпақтың бойына тәртіп пен табандылықты қалыптастыратын үлкен мектеп. Әсіресе, баланың бала кезінен спортқа қызығушылығын арттырып, оның қабілетін шыңдау болашаққа жасалған маңызды қадам. Қазіргі тағда жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізіп, өз мүмкіндігін сынауына жағдай жасап отырған білім ордаларының бірі жайлы толығырақ алдағы сюжетте.
Кітапхана – білім мен мәдениеттің, руханият пен тағылымның тоғысқан мекені. Шалдар ауылындағы кітапхана тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Мұнда жас оқырмандардан бастап, аға буын өкілдеріне дейін өзіне қажетті әдебиетті тауып, білімін толықтыра алады. Толығырақ алдағы сюжетте.
В преддверии Международного дня пожилых людей, который отмечается 1 октября, в Доме культуры Акбулым района Жибек Жолы состоялся праздничный вечер «Қарияларым – қазынам!». Мероприятие было посвящено аксакалам и уважаемым женщинам старшего поколения, которые являются опорой села. Для них прозвучали тёплые пожелания и слова благодарности, были оказаны внимание и почёт.
Сегодня в средней школе №67 состоялся городской конкурс «Қыздарға әсемдік жарасады», направленный на приобщение подрастающего поколения к национальным традициям. В ярком мероприятии юные девушки с длинными косами продемонстрировали свои таланты, воспитанность и уважение к национальной культуре.