22 Апр 2026, Ср

2026

БОЛАШАҚ АГРОХИМИКТЕР ТАРАЗДА БАС ҚОСТЫ

Таразда болашақ агрохимиктерге арналған «АгроХимТех» атты ғылыми-ағартушылық бағдарлама басталды. Жоба жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарын айқындауға және агрохимия саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған. Толығырақ әріптесімнің бейнематериалында.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жамбыл облысында құрылыс саласына серпін беретін екі бірдей жаңа өндіріс желісі іске қосылды. «Alit Holding» компаниясы заманауи технологиямен жабдықталған мәрмәр ұнтағы мен құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыттарын таныстырды. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров арнайы қатысып, жаңа кәсіпорынның лентасын қиды. 4 миллиард теңге инвестиция салынған жобаның өңір үшін маңызы қандай?

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 9 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

Тазалық – табалдырықтан, ал игі іс – өнегеден басталады. Сенбі күні Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтіп, өңір бойынша 9 мыңнан астам ағаш көшеті егілді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл шараға мыңдаған тұрғын қатысты. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев те қаланың жаңа аллеясына ағаш отырғызып, бұл іске өзі тікелей атсалысты.

НА КОНУ — ПУТЕВКИ НА МИРОВОЕ ПЕРВЕНСТВО

В Таразе в самом разгаре борьба сильнейших рукоборцев. В спортивном комплексе «Тараз-Арена» имени Жаксылыка Ушкемпирова продолжается Чемпионат Республики Казахстан по армрестлингу. В национальном первенстве, помимо юношей и молодежи, свое мастерство демонстрируют и спортсмены с ограниченными возможностями.

ФЕСТИВАЛЬ КРАСОТЫ «ӘЙЕЛМЕН ӘЛЕМ ӘДЕМІ»

В центре поддержки семьи «Анаға тағзым» прошел необычный конкурс-фестиваль под названием «Әйелмен әлем әдемі». Инициатива, организованная совместно с женским крылом партии «AMANAT», объединила профессиональное мастерство и искреннюю заботу о женщинах. Главная цель проекта — поддержать выпускниц курсов центра и подарить праздник тем, кто особенно в этом нуждается.

ПРАЗДНИК ТЕАТРАЛЬНОГО ИСКУССТВА В ТАРАЗЕ

В Жамбылской области стартовал республиканский фестиваль-конкурс народных театров, приуроченный к 180-летию великого акына Жамбыла Жабаева. В трехдневном культурном марафоне принимают участие творческие коллективы со всех регионов страны. Торжественное открытие мероприятия состоялось на сцене областного казахского драматического театра имени Аскара Токпанова.

ОБЛАСТНОЙ СЕМИНАР «GREEN GARDEN»

Сегодня, на базе ясли-сада №32 «Ботақан» состоялся масштабный областной семинар, посвященный экологическому воспитанию дошкольников. Мероприятие объединило педагогов дошкольных организаций региона под эгидой Учебно-методического центра управления образования акимата Жамбылской области.

ӘЛЕМДІК ДОДАҒА ЖОЛДАМА САРАПҚА САЛЫНУДА

Тараз төрінде білектілер бәсекесі қызып тұр. Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ел біріншілігінде кіші жасөспірімдер мен жастардан бөлек, мүгедектігі бар спортшылар да бақ сынауда.

«ӘЙЕЛМЕН ӘЛЕМ ӘДЕМІ» СҰЛУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

«Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Әйелмен әлем әдемі» атты ерекше байқау-фестиваль өтті. «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл бастама кәсіби шеберлік пен нәзік жандарға деген шынайы қамқорлықты ұштастырды. Жобаның басты мақсаты — орталықтың курстарын тәмамдаған түлектерге қолдау көрсету және ерекше назарды қажет ететін жандарға мереке сыйлау.

ТАРАЗ ТӨРІНДЕ ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ

Жамбыл облысында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған республикалық театр фестиваль-байқауы басталды. Үш күнге жоспарланған мәдени шараға еліміздің әр өңірінен келген халық театрлары қатысуда. Айтулы іс-шара Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры сахнасында өтті.