15 Ноя 2026, Вс

«СЫРЛЫ СӨЗДІҢ САҢЛАҒЫ» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Сөз өнері – ұлт руханиятының алтын арқауы. Әсіресе, сатира жанры арқылы қоғамның өзекті мәселесін әзілмен жеткізетін қаламгерлердің орны бөлек. Осы бағытта Жамбыл аудандық орталық кітапханасында белгілі сатирик ақын, журналист Бақытжан Әлімқұловтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Сырлы сөздің саңлағы» атты аудандық байқау өтті.