15 Ноя 2026, Вс

КӨЛІК САЛЫҒЫ БОЙЫНША РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

Таразда көлік салығын төлеуден жалтарғандарды анықтауға бағытталған рейдтік шаралар жалғасып жатыр. Орталық алаңнан бастау алған кезекті тексеріс барысында салық мамандары, тәртіп сақшылары мен жеке сот орындаушылары бірігіп, қала аумағын аралады. Жүргізушілерге ескерту жасалып, қарыздарын оқиға орнында өтеуге мүмкіндік берілді. Ал салық төлеуден мүлдем жалтарғандардың темір тұлпарлары айыппұл тұрағына жөнелтілуде.