Тараз қаласындағы жаңартылған «Ұлан» стадионы ресми түрде есігін айқара ашты. Күрделі жөндеуден өтіп, футбол алаңының жасанды төсеніші заманауи талаптарға сай толық жаңартылған бұл спорт нысанында бүгін алғашқы ресми жарыс басталды. 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасындағы «ULAN CUP – 2026» қалалық футбол турниріне Тараз қаласынан 12 команда қатысып, бақ сынауда. Айтулы шараның ашылуына Облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы арнайы қатыстысып, жас өрендерді жаңа алаңшаның ашлуыме құттықтап алдағы ойындарына сәттілік тіледі.
Мойынқұм ауданының 60 жылдығы мен даңқты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Ауқымды шараға Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен өңір зиялылары қатысты. Мерейлі тойдың шымылдығы «Мойынқұм ауданының даму жолы және Жазылбек Қуанышбаев мұрасы» атты тарихи-танымдық конференциямен ашылды.
Жамбыл облысында құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгін облыстық Полиция департаментінің автопаркі бірден 88 жаңа қызметтік автокөлікпен толықты. Салтанатты шарада арнайы техникалардың кілтін тәртіп сақшыларына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев табыс етті. Толығырақ келесі материалда.
Тараз төрінде ерекше балалардың жүзіне күлкі ұялатқан шуақты күн. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қайрат Рысқұлбеков саябағында «Балалық шақ – бақыт әлемі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл игі шараға қала бойынша 300-ге жуық ерекше бала қатысып, ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Балаларды қорғау күніне орай Тараз қаласындағы №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Бақытты бала – бақытты ел» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалардың жүздеріне күлкі сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған мереке балалар үшін ерекше қуанышқа толы күнге айналды. Шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, көтеріңкі көңіл күй мен шаттыққа толы атмосфера қалыптастырды.
Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйге толы мереке Тараз қаласында кең көлемде аталып өтті. Жібек жолы ауданындағы «Даңқ» аллеясында ұйымдастырылған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара балаларды қорғау күніне арналды. Мерекеге ата-аналар, бүлдіршіндер және қала тұрғындары қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған думанды кештің куәсі болды.
Бүгін, 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Тараз қаласында бұл мереке ерекше атап өтілді. «Сиқырлы кітап» атты ауқымды мерекелік бағдарлама жүздеген баланың басын қосты. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жас ұрпақты мерекемен құттықтап, оларға ізгі тілегін жеткізді.
Тасбөгет кентінде шағын футболдан Тасбөгет кенті әкімінің ауыспалы кубогы үшін дәстүрлі ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Жастар арасында спортты дамытуға бағытталған жарысқа бірнеше команда қатысып, өзара бақ сынады.
Сыр шахарында аңыз жаттықтырушы Вилорий Пак туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. «НАШ ТРЕНЕР» деп аталатын деректі-ғұмырнамалық туындының авторы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің резевтегі подполковнигі, жазушы Ғани Сихымов. Кітапта Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ауыр атлетика спортының дамуына зор үлес қосқан Вилорий Пактың өмір жолы мен еңбек жолы кеңінен баяндалған.
«Достық» үйінде «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты облыстық семинар өтті. Жиында мемлекеттік рәміздерді заң талаптарына сай қолдану және орналастыру мәселелері кеңінен талқыланды.