Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан Айша бибі кесенесі – XI–XII ғасырлардан сақталған бірегей сәулет ескерткіші, қазақ даласының ең көркем тарихи мұраларының бірі. Аңыз бойынша, Айша бибі Қараханның сүйіктісі болған. Жолда жылан шағып қаза тапқан аруға арнап Қарахан осы кесенені салдырған. Бүгінде бұл орын мәңгілік махаббаттың символы саналады.

