«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қазақстандағы жалғыз таулы-егерлік полкі құрылғанының 26 жылдығын атап өтті. Мерекелік күнде әскери қызметшілер өз қуаныштарын мектеп оқушыларымен бөлісуді жөн көрді. Жуалы ауданындағы бірнеше мектептің оқушылары әскери бөлімнің құрметті қонағы болды.

