21 Апр 2026, Вт

ӘЛЕМДІК ДОДАҒА ЖОЛДАМА САРАПҚА САЛЫНУДА

Тараз төрінде білектілер бәсекесі қызып тұр. Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ел біріншілігінде кіші жасөспірімдер мен жастардан бөлек, мүгедектігі бар спортшылар да бақ сынауда.