21 Апр 2026, Вт

«ӘЙЕЛМЕН ӘЛЕМ ӘДЕМІ» СҰЛУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

«Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Әйелмен әлем әдемі» атты ерекше байқау-фестиваль өтті. «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл бастама кәсіби шеберлік пен нәзік жандарға деген шынайы қамқорлықты ұштастырды. Жобаның басты мақсаты — орталықтың курстарын тәмамдаған түлектерге қолдау көрсету және ерекше назарды қажет ететін жандарға мереке сыйлау.