Тараз қаласында «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыру шеңберінде «Құқықтық бағыт» атты ауқымды акция ұйымдастырылды. Іс-шара облыс прокурорының бірінші орынбасары Азамат. Күреңкейдің бастамасымен, уәкілетті органдардың қатысуымен Жібек жолы ауданындағы «Мәдениет үйінде» өтті. Акцияға Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова арнайы қатысып, тұрғындармен тілдесті.

