Жамбыл политехникалық жоғары колледжі жарқын болашаққа тағы бір батыл қадам жасады. 2026 жылы оқу орнының базасында заманауи жасанды интеллект зертханасы ашылып, жаңа буын мамандарын даярлаудың орталығына айналмақ. Бұл бастама ірі қытайлық инвесторлардың қолдауы арқылы жүзеге асып отыр.

