Облыста адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Биылдан бастап екпе 11-13 жастағы қыздармен қатар, 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді де қамтиды. Мамандардың айтуынша, бұл жатыр мойны обырының және вируспен байланысты өзге де қатерлі аурулардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам.
Ақпараттық порталы

